Маңғыстау облысында 15 жастағы екі қыз жоғалып кетті
Маңғыстау облысында 15 жастағы екі қыз жоғалып кетті
Жаңаөзен қаласында 15 жастағы екі қыз бір аптадан бері табылмай жатыр деп жазды turkystan.kz.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, облыста бір аптадан бері кәмелет жасына толмаған екі қызға іздеу жарияланды.
Хабарламада 15 жастағы Тілектес Жолдас пен Фарида Чындышева 29 наурызда Жаңаөзендегі пәтерлерінен шығып кетіп, қайта оралмағаны айтылады. Фарида Чындышова Рахат-4 шағын ауданының, ал Тілектес Жолдас Теңге ауылының тұрғындары болған.
Полиция қызметкерлері жоғалған қыздар жайлы қандай да бір мәлімет білетін жандар болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.