«Отандастар қоры» өкілдері ЕҰУ-дағы қандас студенттермен кездесті

«Отандастар қоры» өкілдері ЕҰУ-дағы қандас студенттермен кездесті

«Отандастар қоры» өкілдері ЕҰУ-дағы қандас студенттермен кездесті
ашық дереккөзі
6 сәуір күні «Отандастар қоры» ұжымы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқитын қандас студенттермен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесуде қоғам президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин «Отандастар қорының» құрылудағы мақсат-міндеттерін, атқаратын қызметін атап өтсе, Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Еркебұлан Меңлібаев көші-қон мәселелері бойынша сөз сөйледі. Студент жастарға алдағы уақытта Қазақстанда қалу және азаматтық алу жолдарының мән-жайын түсіндірді. Сондай-ақ «Отандастар қорының» жанынан құрылған «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымы туралы Лашын Жанарбек презентация жасап, жастар ұйымының жобаларымен таныстырды. Азаматтық белсенділік танытып, ерікті боламын дейтін жастарға берілетін мүмкіндіктер жайлы сөз қозғады. студент Ал Еуразия ұлттық университетінде қандас жастардың бастамасымен құрылған «Атамекен» қандастар ұйымы туралы Өміртай Болатбек баяндама жасады. Ол өз сөзінде биылғы оқу жылында белсенділік танытып, спорттық, мәдени іс-шараларда жеңімпаз атанған студенттерді атап өтті. Ал белсенділер өз кезегінде сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді. Екіжақты кездесу барысында Украинадағы отандасымыз Нұртай Кенжебековтың жобасының негізінде құрылған «Алем IT» мектебінің де таныстырылымы өтті. Аталмыш мектептің басшысы Данабек Қалиаждаров қандас студенттерге тегін білім алатын заманауи мектептің мүмкіндіктері туралы айтты. Ал студенттер аталған тақырыптар бойынша өздерін қызықтырған әрі толғандырғаан сұрақтарын спикерлерге қойып, жауап ала алды. 542 қандас студент білім алып жатқан ұлттық университеттегі бұл кездесудің соңында қандас жастар ұлттық би билеп, Ескендір Хасанғалиевтің атақты «Атамекен» әнін бірге орындады.