Қазақша кітап нарығы ауадай қажет

Қазақша кітап нарығы ауадай қажет

Қазақша кітап нарығы ауадай қажет
ашық дереккөзі
Мен қазір 4-курс студентімін. Алма­ты қаласында оқимын, ал өн­діріс тәжірибесін Орал қаласынан өтіп жатырмын. Арасында бос уақытым болатынын ескеріп, мен де басқа сту­дент­тер секілді қосымша жұмыс қарас­тыр­дым. Сөйтіп, «Интеллект» кітап клу­бы­на жұмысқа тұрдым. Кітап клубының иесі Қалу аға – қазір зей­неттегі кісі. 1991 жылдан бастап кі­тап саудасымен айналысқан. Клубтың қо­рында әртүрлі жанрдағы шамамен 5 000-нан астам кітап бар. Мұндай кітаптарды уни­вер­ситет кітапханасынан да, қалалық кітап­ха­налардан да өте сирек кездестіруге болады. Кі­тап клубының тұрақты оқырмандары, тіп­ті өзінің «Оқырмандар тобы» бар. Олар әр апта сайын түрлі кітаптарды оқып, қызу тал­қылайды. Бірақ олардың көпшілігі өз ойларын орыс тілінде білдіретінін бай­қа­дым. Қазақша түсінгенімен, ойларын қазақ­ша нақты жеткізе алмайды. Бір күні Қалу аға оларға қазақ драма театрына баруға ұсыныс біл­дірді. Басында бұған бәрі қызығып, келіс­кен­дей болды, бірақ қойылым болатын күні театрға тек аралас орыс-қазақ мектебін бітір­гендері келді де, ал таза орыс мектебін бітір­ген қазақ жастары келмеді. Кітап клу­бы­ның мүшелері – 20-27 жас аралығындағы жас­тар. Олардың бәрі тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен. Мені қойылым болар күнге дейін де, қойылым болатын күні де «Олар қа­зақша қойылымды түсіне ме?» деген сұрақ ма­залады. Расында да, театрға барған күні олар қазақша қойылымды дұрыс түсіне ал­ма­ды. Мен оларға сәт сайын әр сөздерді ауда­рып, көмектесумен болдым. Қазірдің өзін­де ойымыз басқа жаққа ауып бара жатса, сон­да біздің болашағымыз не болмақ? Қазақ тілі неліктен ұмыт болып бара жатыр? Ана ті­ліміздің мәртебесін қайта көтеріп, дамыту үшін не істеу керек? Осы секілді сұрақ­тарым­д­ы Қалу ағаға қойып көрдім. Енді Қалу ағаның ойын тыңдап көрейік. – Ұлттық тілді дамытуға бір ғана Білім ми­нистрлігінің, бір ғана Мәдениет министр­лі­гінің күші жетпейді. Бұл жерде жалпы кітап өндірісін нарық жолына шығару қа­жет. Бұл – экономика. Сондықтан Қаржы ми­нистрлігі және Экономика министрлігі к­ітап саласына қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастау қажет, тура Еуропа елдеріндегі сияқ­ты. Еуропада әр 10-15 мың адамға бір кі­тап дүкенінен келеді. Олар жалдамалы тө­­­лемнен де босатылған. Себебі олар мәде­ниет және ғылым орталығы саналады. Қаз­пош­таның тарифін 3-5 есе арзандату қажет, жай бандерольға қарағанда, дәл Германия секілді. Сонда ғана автор мен оқырманның арасында байланыс болады, тіл дамиды. Бұл бас­тама шын мәнінде тұрақты болуы үшін және қолданушы ортамен тығыз байланысқа түсуі үшін монотизацияға өтуі қажет. Сонда біз оқырманның талғамын түсінетін бола­мыз. Оны өсіру үшін не істеу керегін біле ала­мыз. Мысалы, Францияның 66 миллион хал­қына 30 мың баспагерден келеді екен. Егер Қазақстанның халқы 18 млн болса, біз­де кемінде 2-5 мың баспагер болу керек деген сөз. Сонда ғана ұлттық авторлық, редактор­лық, аудармашылық мектептер пайда бола­ды. Бір сөзбен айтқанда, «Қазақкітап» ме­ке­месін және 1 560 кітап дүкенін қайтадан ашу қа­жет дегім келеді. Себебі бұл инфрақұрылым баспагерлерге бү­кіл кітап нарығынан, 18 миллион халық­тан жинақталған микроинвестицияларды әке­­леді. Бұрын сол кітап тарату инфра­құры­лы­мынан айырылған соң, 1997-1999 жыл­дары ұлттық баспа ісі бюджетке ілініп, ба­ғы­нышты болды. Бұл жолда біз «Атамұра», «Алматыкітап» баспа монополияларына ұрын­дық. Қазірдің өзінде қазақ тіліндегі дү­ниелерді іздеушілердің қатары сиреп кетті де­сек те болады. Қалада тұратын қазақ­тар­дың басым көпшілігі бір-бірімен орыс тіл­ін­де сөйлесіп, өзара ойларын орыс тілінде біл­­­діріп жатады. Ал жастарға келетін болсақ, олар тіптен орыс тіліне қарай ауып бара жа­тыр. Олар шет тілдеріндегі авторларды қа­зақ тілінде кітап сөрелерінен таба алмай, орыс тілінде немесе тағы басқа тілде оқиды. Халық өзі-ақ авторлық, редакторлық жә­не аудармашылық мектептерін асы­райды. Өз­ге тілдегі шығармалар да қазақ тілін­де жа­­рыққа шығады. Сонда ғана Қазақ­стан аза­мат­тары мемлекеттік тілді үйренуге тал­пы­нады. Орта Азия басшыларының тағдыры бір-біріне өте ұқсас. Алдымен ха­лықтың есебінен байып, одан кейін сол ка­пи­талды туыстардың арасында бөліске са­лып, оның соңы отбасылық жанжалға ұла­сады. Бұл – біздің еліміздегі бұрыннан келе жат­қан жүйе. Сөйтіп, ақыр аяғы еліміздегі кі­тап дүкендерінің жабылуына себеп болды. Қорыта келе адамзатты адам ретінде ұстап тұратын да, аздырып-тоздырып, ыды­рата алатын да сөз дей аламыз. Нақты айт­сақ, баспасөз. Қарапайым халық әлдеқашан «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұ­зар» деп түйіндеп кеткен екен.

Айдана АЯН, «Интеллект» кітап клу­бы­ның жұмысшысы Орал қаласы