Түркі мемлекеттері ұйымының 2-диаспора форумы өтті

Түркі мемлекеттері ұйымының 2-диаспора форумы өтті

Түркі мемлекеттері ұйымының 2-диаспора форумы өтті
ашық дереккөзі
Түбі бір түркі халықтарын тарих қана емес, бүгінгі күн де біріктіреді. Бұлай дейтін себебіміз, ертеректе бірге сыннан сүрінбей өтіп, қа­зір­гі қоғамда өзара тығыз қарым-қатынас орнатқан мемлекеттер ара­сында достық байланыс берік орнаған. Бұлай нақты айтуымыздың да өзін­дік себебі бар. Өйткені күні кеше 28-30 наурыз аралығында Түркі мем­лекеттері ұйымы диаспорасының екінші форумы өтті. Шетелдегі түрік­тер мен туыс қауымдар басшылығы ұйымдастыруымен Түркияның Бур­са қаласында жыл сайын форумға 12 елден 70 қатысушы жи­налды. Осылайша, түркі халықтарының өкіл­де­рін бір арнаға тоғыстырған та­ри­хи іс-шара өтті. Халықаралық деңгейдегі жиынға Түркия Республикасы Мәдениет жә­не туризм министрлігі – Шетелдегі түркілер жә­не туысқан қауымдастықтар төрағасы (YTB), TDT мүше мемлекеттердің диаспора­сына жауапты мекеме басшылары, жоғары лауа­зымды мемлекеттік қызметкерлер, кә­сіп­керлер, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым­дар мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш форумға Қазақстан атынан ар­­найы делегация қатысты. Оның құра­мын­да «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері және кәсіпкер Сырымбек Тау, Қырғыз Респуб­ли­касы үкіметтік емес ұйымдардың өкілі Гиул­шат Асылбаева, Швециядан үкіметтік емес ұйымдардың өкілі Мұрат Ерміш бар. Бұл үлкен жиында Қазақстан, Әзер­бай­жан, Қырғыз Республикасы және Түрікменстан­ның диас­пора басшылары сөз сөйлейді. Түркі мемлекеттері ұйымының 2-диас­пора форумы диаспора саласын­дағы маңызды оқиғалардың бірі екенін ескерсек, бұл тақырып Түркиядағы этника­лық қазақтарға да тікелей қатысты. Себебі Қазақстанның делегация құра­­­­­мындағы «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасовтың айтуын­ша, Түркияға 70 жыл бұрын қоныс аударған қазақ диаспорасының саны бүгінде шамамен 20 мың адамнан асқан. Ал олар­дың көп бөлігі – тілін ұмытып, этни­ка­лық бірегейлігінен алыстап бара жатқан жас буын өкілдері екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамның ұйымдастыруымен қазақ тілі курстарының ұйымдастырылып жатқан­ын алға тартып, «Бірақ екінші тараптан қы­зығушылық жоғары деп айта алмаймыз, – деп алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар вице-президент тарих дөң­гелегінде соғыс, көтеріліс, қуғын-сүргін, ұлттық-азаттық қозғалыстар сияқты түрлі саяси себептер мен діни негізде қуда­лау, ме­шіт­терді бұзу тәрізді оқиғаларға бай­ланысты күштеп немесе мәжбүрлі қоныс ау­дару нәтижесінде қалыптасқан қазақ хал­қының этникалық бөлігі туралы деректер кел­тіріп, форум аясында төмендегідей бір­қатар ұсыныс білдірді: – Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер ара­сында түркі халықтарының киелі мұралар тізбегін жасауды және оларды зерттеп, ұстап тұру мәселелері бойынша бірі-біріне қолдау көрсету туралы жоба жасақтауды; – түркі халықтарының ұлы тұлғаларына ең жоғары денгейде құрмет көрсетіліп, ар­найы мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды; – түркітектес халықтардың дамуына сү­белі үлес қосқан, түркі мәдениеті мен өр­ке­ниетін, ғылымы мен ілімін күллі әлемге та­нытқан тарихи тұлғалардың жан-жақты зерт­телген, ортақ келісілген тізімін әзірлеуді; – Түркия елінің Қазақстанда жұмыс істейтін ірі компанияларының құрамына Түр­кияның азаматы саналатын ұлты қазақ ма­мандар тартылса деген ұсыныстар айтып, Мұндай жобалар біздің бірлігімізді, туыс­қан­дық ынтымағымызды арттыра түсетініне сенім­дімін» деген ойын алға тартты Мағауия Сар­басов. Сөз соңында ол кезінде қазақтардың Түркияда орнығуына, кәсіп істеп, тамыр жаюына көп жағдай жасаған Түрік мемлекеті мен халқына ризашылығын білдіріп, «Отан­дастар қорының» алдағы уақытта да шетел­дердегі отандастар және туысқан қо­ғам­дастықтармен жұмыс істеу басқар­масымен және Түркі мемлекеттер ұйымындағы барша әріптеспен тәжірибе алмасуға әрқашан ашық екенін жеткізді. Қазақстан делегациясы құрамында бол­ған тарих ғылымдарының докторы, про­фес­сор, «Отандастар қоры» кеңесшісі И.Қоб­­­­­лан­дин алғашқы отырыста жасаған баяндамасында: – Кездесудегі маңызды мәселелердің бірі – түркітілдес диаспоралармен ынтымақ­тас­тық және өзара іс-қимылды нығайту бойын­ша пікірлер мен идеялар алмасу, жұмысты үй­лес­тіру мүмкіндіктерін талқылау мәселе­лері бо­лашақта Түркі әлемі дамуының негізгі фак­тор­ларының бірі бола алады деп сенемін, – деді. Форумнан кейін қатысушылар Шетелдегі түрік­тер және ағайын қауымдастықтар бас­қар­масы жүзеге асырған Түркия, Әзер­бай­жан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстанның диаспора мекемелері арасында тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысты.

Әсем ҚҰЛМАНОВА