«Жүрген жерлері қарғау» - қонақ үйдің иесі Ресей азаматын қуып шықты (ВИДЕО)
«Жүрген жерлері қарғау» - қонақ үйдің иесі Ресей азаматын қуып шықты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Польшадағы Hilton қонақ үйіне орналасқан орыс әйелдің бір жетіден бері «Харьковты Украина әскерлерінің өздері бомбалады» деп, украин халқын қарғап-сілеп, қонақ үйді шулатқаны туралы видео жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Қонақ үйдің иесі осыны естіп, Ресей азаматын үгіт-насихат жасағаны үшін қуып жіберген.
«Міне, Польшада орыс әлемінен осылай құтылып жатырмыз. Сондықтан оларды Еуропа қабылдамайды. Тіпті, Израильдің өзі мұндай адамдарды қабылдамайды. Сендерді осындай орыс әлемімен ешқандай ел қабылдамайды. Біз парасатты адамдарға көмектесеміз», - деді видеоны түсірген қонақ үй қожайыны.
Оның айтуынша, жұбайы әлгі әйелді өз ақшасына консулдарға апарып, көмек көрсеткен. Қонақ үйден орын тауып берген. Соған қарамай, жақсылықты түсінбеген әйел бір апта Польшадағы еврейлер ұйымын пайдаланып, Ресейді қолдап, украин халқын қарғап-сілеп, қонақ үйді шулатқан.
Әлгі әйел қонақ үйден шығып бара жатып, ауызына келген былапыт сөздерді айтқан.