Президент Абу-Дабидің тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды

Президент Абу-Дабидің тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды

Президент Абу-Дабидің тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.  Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің Тақ мұрагері бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды Дубайда өткен ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады. Әңгіме барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Дәлірек айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытатыны жөнінде айтылды. Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Абу-Дабидің тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.