Алматы облысындағы әмбебап базарда өрт шықты (ВИДЕО)

Алматы облысындағы әмбебап базарда өрт шықты (ВИДЕО)

Алматы облысындағы әмбебап базарда өрт шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін түнде Алматы облысына қарасты Талғардағы әмбебап базарда жүк салатын контейнерлер өртенді деп жазды turkystan.kz zakonkz телеграм желісіне сілтеме жасап. Алдын ала болжам бойынша, өрт аумағы 900 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 25 өрт сөндіруші және Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен 6 өрт сөндіруші шықты. Сағат 3:51-де өрт толық оқшауландырылып, нәтижесінде жалын базардың барлық аумағына таралмады (жалпы ауданы 8330 ш.м.). Өрт таңғы сағат 5-те толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.