Ресей азаматтығын алған қазақстандық елден қуылды

71 жастағы ер адам Қазақстан азаматы бола тұра Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын айтпаған деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Наурыз айының 29-ы күні 71 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған. Ер адамның атына ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот материалды қарап, шетел азаматын елден шығару жөнінде шешім қабылдады», – деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.

Айта кетсек, ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес ел азаматы шетелдік азаматтықты алу туралы фактіні Қазақстан заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаса, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе Қазақстан Республикасы шекарасынан шығарылады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button