Путин әскерін неге кері шегіндіргені белгілі болды

Путин әскерін неге кері шегіндіргені белгілі болды

Путин әскерін неге кері шегіндіргені белгілі болды
ашық дереккөзі
29 наурызда Украинаның астанасы – Киев қаласы маңындағы Ресей әскерінің бір бөлігі кері шегініп, Беларусь еліне қарай қайтқан еді деп жазды turkystan.kz. Бүгін, 6 наурызда РФ Президенті В.Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің бұл әскерді не үшін кері шегіндіргенін түсіндірді.
«Бұл Кремль билігінің келісімге дайын екенін көрсету белгісі еді. Ресей билігі келіссөзді ойдағыдай өткізу әрі өзінің ниеті дұрыс екенін жеткізу үшін Владимир Путин әскерді аймақтан шығаруға бұйрық берді», - деді Песков.
Еске сала кетсек, 29 наурызда Украина мен Ресейдің келіссөз делегациялары Ыстамбұл қаласында кездесіп, 4 сағат бойы келіссөз жүргізген еді. Сол күні Ресей Қарулы күштері Киев түбіндегі ұрыс қимылдарын тоқтатынын хабарлады. Қазір Украинаның батыс жағында Ресей әскері жоқ, барлығы Украинаның шығысына қарай топтасып жатыр.