Арыстанбек Мұхамедиұлы Айсұлтан Сейітовке 10 млн доллар ұсынған (ВИДЕО)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Айсұлтан Сейітовке 10 млн доллар ұсынған (ВИДЕО)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Айсұлтан Сейітовке 10 млн доллар ұсынған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Танымал қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне 10 млн доллар ұсынғанын хабарлады деп жазды turkystan.kz. Қазақстандық клипмейкер Айсұлтан Сейітов Youtube арнасындағы Zamandas подкастының қонағы болды. Ол жерде Сейітов 2019 жылы Ақордада сол кездегі Мәдениет және спорт министрінің қызметін атқарып жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездескенін айтты. Оның айтуынша, сол кездесуде Арыстанбек Мұхамедиұлы режиссерге 10 млн доллар ұсынған. Мұхамедиұлының көздегені Үкіметте клипмейкердің көмегімен белгілі бір жобаларды іске асыру болған. Мұнымен қоса, шенеунік Сейітовпен кездесу барысында жанындағы досына Үкіметтен орын алып бере алатынын да айтқан.