Экология министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Алмат Жанболатұлы Әбдікешов ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмат Әбдікешов 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты» АҚ «Анненск» кенішінде бірінші разрядты өтушінің жерасты шәкірті лауазымынан бастады.

2007-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2010-2012 жылдары —  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2016-2018 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің Адам ресурстарымен жұмыс департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары болды.

Тағы оқи отырыңыз: Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button