Депутаттар Торғай облысын қалпына келтіруді ұсынды

Депутаттар Торғай облысын қалпына келтіруді ұсынды

Депутаттар Торғай облысын қалпына келтіруді ұсынды
ашық дереккөзі
Арқалық өңірі халқының сұрауы бойынша Торғай облысын қалпына келтіру керек. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын айтқан болатын. Азат Перуашев Мемлекет басшысының бұл игі бастамасын қолдай келе, Арқалық өңірі тұрғындарының сұрауы бойынша бұрынғы Торғай облысын қайта қалпына келтіру мәселесін қарастыруды да ұсынды.
«Арқалық өңірінің тұрғындары кездесулерде Торғай облысын қалпына келтіру туралы әділ талаптарын алға тартты. «Ақ жол» фракциясы бұл талаптарды негізді деп санайды. Біз Мемлекет басшысына ұсыну үшін Үкіметке осы мәселені қарастыруды ұсынамыз», - деді Перуашев.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында депутат, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Берік Әбдіғалиұлы да Торғайға көңіл бөлу керектігін айтты. Тағы оқи отырыңыз: «Торғай облысын қайта құрар күн де алыс емес шығар» – Берік Әбдіғалиұлы