«Бір қап сырға сатып алдым»: Ләйлә Сұлтанқызы студенттік кезді еске алды

«Бір қап сырға сатып алдым»: Ләйлә Сұлтанқызы студенттік кезді еске алды

«Бір қап сырға сатып алдым»: Ләйлә Сұлтанқызы студенттік кезді еске алды
ашық дереккөзі
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жастық шағын еске алды деп жазды turkystan.kz.
«Ауылдан қалаға оқуға келген кезімде курстағы қаланың сәнді киінген қыздарын көріп, қызығатынмын. Группамызда қаланың Т. деген қызы оқыды. Масқара, неше түрлі сырғасы болатын. Күнде әртүрлісін тағады. Ақ көйлекке жүрек сырға, көк көйлекке ай сырға дегендей. Сол қыздағыдай сырғам көп болса екен, сол сияқты әртүрлі киімге неше түрлі сырға тақсам екен деген арманым болды. 17 жасымда 50$ бірінші айлығымды алғанда, сол күні-ақ Алматыдағы Яляннан үйіп-төгіп арзан сырғаларды 1 қап қып сатып алдым. Сондағым ерекшелену, елге ұнау, модный болу» деп жазды тележүргізуші әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ ол ертеңіне нанға ақша таппай қалғанын, бірақ сырғаларының көп екенін айтты.
«Ол кезде жараспайтын болса да, кең етек көйлек киіп алып, «әдемі» фигурамызды жасыратынбыз. Ұлдардың қасында ұлдарша жүре беретінбіз. Ал арулардың негізгі қаруы нәзіктік пен қылық екенін кейін ұқтық қой. Сырға да ұмтылыстың бір мысалы ғана…», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.