Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда автобус бірнеше жеңіл автокөлікпен қақтығысып, үлкен жол апатының туындауына себепші болды деп жазды turkystan.kz. ZTB | QAZAQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының жоғарғы Қаскелең тас жолы бағытында үлкен жол апаты болғаны туралы хабарлама тарады. Бейнежазбада бос жолаушылар автобусы жеңіл автокөлікпен қақтығысып, салдарынан жеңіл көліктің қатты зақымданғаны көрсетілген. Сонымен бірге, жол бойында тағы бірнеше көліктің соққы алғаны бейнеленген. Алматы облысы ПД қызметкерлерінің мәліметінше, қоғамдық көліктің тежегіші істен шығып, салдарынан 9 автокөлікпен соқтығысқан. Оқиға орнында мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.