Жаңалықтар

«Бірнеше жыл министр болып отырсыз, сұраққа нақты жауап бермейсіз бе?»: Сұлтанов ұятқа қалды

«Бірнеше жыл министр болып отырсыз, сұраққа нақты жауап бермейсіз бе?»: Сұлтанов ұятқа қалды

Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Еділ Жаңбыршин өңірлерде халық азық-түлік бағасының күн сайын қымбаттап жатқанын айтып, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтан жағдайдың қалай реттеліп жатқанын сұрады деп хабарладыturkystan.kzStan.kz-ке сілтеме жасап.

Бақыт Сұлтанов алдымен әлемдегі жағдайға тоқталып, бағаның қымбаттауы барлық елде болып отырғанын жеткізді.

Осы сәтте министрдің жауабына қанағаттанбаған депутат сауалға нақты жауап беруді сұрады.

Сонда да Бақыт Сұлтанов екі-үш жыл ішінде сырттан импорттап отырған 6 тауарды өзіміз шығаратынымызды айтып құтылды.