Қошанов Мусинге ескерту жасады

Қошанов Мусинге ескерту жасады

Қошанов Мусинге ескерту жасады
ашық дереккөзі
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наталья Деменьтева шалғайдағы ауылдарда интернет сапасы нашар екенін мәселе етіп көтерді деп хабарлады turkystan.kz. Депутат онда елді мекендер бойынша нақты деректер келтірді. Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оның деректерімен келіспей, сандарға түзету айтты. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов болса, министрдің жауабына қанағаттанбады.
«Бағдат Батырбекұлы, цифрларды қуалаудың қажеті жоқ. Депутат Деменьтева дұрыс айтты. Оның 250 адам дегенін 189 адам деп түзетіп жатырсыз. Негізі қанша болса да ол - біздің тұрғындар, қазақстандықтар. Олар интернетке қол жеткізуі керек. Сондықтан цифр қуалағаннан гөрі нақты іске көшу қажет. Екіншіден, алыс ауыл емес, елорда маңындағы ауылдарда да интернет жоқ. Оны толық білемін. Бұл жөнінде не істеу керек? Осы жағын да ойластырыңыз», – деді Қошанов.