Қадыров Путиннің баспасөз хатшысымен қатты ұрсысып қалды

Қадыров Путиннің баспасөз хатшысымен қатты ұрсысып қалды

Қадыров Путиннің баспасөз хатшысымен қатты ұрсысып қалды
ашық дереккөзі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинада жүріп, генерал-лейтенант атағын алған өзін құттықтамай, Ресейден кетіп қалған тележүргізуші Иван Ургантты патриот дегені үшін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзімен келіспеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Еліңнің патриоты болу үшін шетелге қашып кетіп, Ресейдің әрекетін сынау керек екен және аянышты түрде айналаға шу туғызу керек екен. Сөйтіп ешнәрсе болмағанына қарамастан, қайтып оралу керек екен» деп жазды Қадыров.
Бұған дейін журналистердің сұрағына жауап берген Песков Ресей әскерінің Украинадағы «әскери операциясын» қолдамайтындар мен Ресейден кетіп қалғандардың бәрін бірдей «сатқын», «бесінші колонна» деуге болмайды деген еді.
«Тележүргізуші Иван Ургант - патриот. Мен оны жақсы білемін. Оның өзіндік көзқарасы бар шығар, бірақ, ол - патриот», - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы.
Сондай-ақ Дмитрий Песков Рамзан Қадыровтың сынына: «Мұндай сәтте кімнің патриоты көбірек екеніне бәсекелесудің қажеті жоқ»,- деп жауап берді. Оған қоса, «қажет болғанда елі үшін кез келген құрбандыққа баруға дайын» жандардың барлығын патриот деп санайтынын түсіндірді.