Forbes ең бай адамдардың тізімін жариялады

Forbes ең бай адамдардың тізімін жариялады

Forbes ең бай адамдардың тізімін жариялады
ашық дереккөзі
Илон Маск әлемдегі ең бай адам ретінде биылғы жылдың Forbes тізімінде көш бастап тұр деп жазды turkystan.kz. Forbes журналының мәліметінше, қазір Илон Масктың байлығы 219 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Бір жыл ішінде Tesla және Space X компанияларының негізін қалаған кәсіпкердің табысы 45%-ға артқан. Осылайша, Илон Маск бұған дейін әлемдегі ең бай адам саналып келген Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты басып озған. Ол 171 миллиард доллар байлығымен тізімнің екінші орнына жайғасты. Үштікте Louis Vuitton Moet Hennessy компаниялар тобының президенті Бернар Арно бар. Оның табысы 158 миллиард долларды құрады. Келесі орынға Билл Гейтс 129 миллиард доллармен орналасты.