Жаңалықтар

«Қысым көрсетті»: Абдығаппаровтың әйелі Болат Назарбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

«Қысым көрсетті»: Абдығаппаровтың әйелі Болат Назарбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандағы белгілі бизнесмен Алмас Абдығаппаровтың жары Ольга Абдығаппарова елордада баспасөз мәслихатын өткізіп, Болат Назарбаевтың Esentai Sity жобасын қалай тартып алғанын айтып берді деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.  Оның айтуынша, Esentai Sity жобасы Алматыда 2016 жылы басталған. 46 гектар аумақты алып жатқан элиталы үйге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың назары ауған.