Жаңалықтар

Ресей ҰҚШҰ-ны әскери операцияларға тарту туралы хаттаманы бекітті

ашық дереккөзі

Ресей ҰҚШҰ-ны әскери операцияларға тарту туралы хаттаманы бекітті

Мемлекеттік Дума пленарлық отырыста Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бітімгершілік күштерін БҰҰ аясындағы операцияларға тарту мүмкіндігі туралы хаттаманы ратификациялады деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.  Құжатта «үйлестіруші мемлекет» деген ұғым қарастырылады. Яғни, осындай мемлекеттің қамқорлығымен ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштерін (ҰБК) БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына тарту мүмкіндігі көзделеді. «Үйлестіруші мемлекет» - ұйымдастыру мәселелерін және БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясында ҰБК-ны қолдануды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі айқындайтын мүше мемлекеттердің бірі» делінген құжаттың мәтінінде. Әрбір мүше мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін алдын ала хабардар ете отырып, БҰҰ-ның мандаты бойынша бітімгершілік операцияларына қатысу үшін БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетінің әзірлігін қамтамасыз ету жүйесінде тіркелген өзінің бітімгершілік контингенттерін жіберуге құқылы. Хаттамаға 2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбеде қол қойылған.