Ресей ҰҚШҰ-ны әскери операцияларға тарту туралы хаттаманы бекітті

Ресей ҰҚШҰ-ны әскери операцияларға тарту туралы хаттаманы бекітті

Ресей ҰҚШҰ-ны әскери операцияларға тарту туралы хаттаманы бекітті
ашық дереккөзі
Мемлекеттік Дума пленарлық отырыста Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бітімгершілік күштерін БҰҰ аясындағы операцияларға тарту мүмкіндігі туралы хаттаманы ратификациялады деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.  Құжатта «үйлестіруші мемлекет» деген ұғым қарастырылады. Яғни, осындай мемлекеттің қамқорлығымен ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштерін (ҰБК) БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына тарту мүмкіндігі көзделеді.
«Үйлестіруші мемлекет» - ұйымдастыру мәселелерін және БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциясында ҰБК-ны қолдануды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі айқындайтын мүше мемлекеттердің бірі» делінген құжаттың мәтінінде.
Әрбір мүше мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік кеңесін алдын ала хабардар ете отырып, БҰҰ-ның мандаты бойынша бітімгершілік операцияларына қатысу үшін БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетінің әзірлігін қамтамасыз ету жүйесінде тіркелген өзінің бітімгершілік контингенттерін жіберуге құқылы. Хаттамаға 2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбеде қол қойылған.