Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға қарсы жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Күш арттыру, шыдамдылық пен жылдамдықты шыңдайтын жаттығуларға кірістік. Бұйыртса, келесі аптада спарринг. Рингке 100 пайыз дайын болып шығу керек. Әлемге Қазақ стилін көрсетуге өте жақсы мүмкіндік туып тұр. Бұйыртса, тарих жасаймыз!» деп жазды боксшы Facebook-тегі парақшасына.
Еске сала кетсек, Әлімханұлы мен Дигнум жекпе-жегі 21 мамырда АҚШ-та өтеді. Боксшылар орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулын сарапқа салады. Тағы оқи отырыңыз: Қазақ актері шетелдің сериалында басты рөлде ойнайды (ВИДЕО)