Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибағаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды.

Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай» компаниясында оператор ретінде бастаған.

2001 жылдан 2004 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

2004 жылдан 2006 жылға дейін «Жазық» АҚ атқарушы директоры болды.

2007 жылдан 2020 жылға дейін «Таушық ауыл шаруашылығы» компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі болған.

Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Тағы оқи отырыңыз: Атыраулық жұмысшылар мінген автобус мұз астына түсіп кетті