Қазақ актері шетелдің сериалында басты рөлде ойнайды (ВИДЕО)

Францияның Канн қаласында халықаралық сериалдардың Canneseries-2022 фестивалі ашылды деп хабарлады turkystan.kz.

Оның ашылу рәсімінде басты рөлде қазақ актері Данияр Алшынов ойнаған «Инфинити» сериалының 1-сериясы көрсетілді. Бұл фильмге Алшыновтан басқа, Самал Есләмова да түскен.

Фильмде ғарыштық бағдарламадан шеттетілген француз астронавты Анна Зарати мен жұмыстағы басшылығына қарсы шыққан қазақ полицейі Иссак Тұрғынның өмірі көрсетілген. Олар Халықаралық ғарыш стансасы мен «Байқоңыр» айлағына қатысы болған америкалық астронавтың жұмбақ қазасын зерттейді.

Фильм Қазақстан, Франция және Украина елдерінде түсірілген. Ал Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағында сериалды түсіруге рұқсат бермеген.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button