Атыраулық жұмысшылар мінген автобус мұз астына түсіп кетті

Атыраулық жұмысшылар мінген автобус мұз астына түсіп кетті

Атыраулық жұмысшылар мінген автобус мұз астына түсіп кетті
ашық дереккөзі
«Қазмұнайгаз құбыр сервис» вахташылары Атырауға қайтып бара жатқанда автобустары мұз астына түсіп кетті деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап. Таңертең бұрғылаушылар екі автобуспен үйге қайтып бара жатқан. Олар Жем өзені арқылы өтпек болып, осындай жағдайға тап болды. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Асылхан Жұбаналиннің айтуынша, олар қыста осы жолмен жүретін.
«Мұз біртіндеп шытынап, олар өзеннің ортасына жеткенде көлік түсіп кетті. Адамдар автобустың жоғарғы жағындағы люк арқылы көтеріліп, төбеге шықты. Ер адамдар басшылығына қоңырау шалып, көмек сұрады. Таңғы сағат 8-ден 10-ға дейін 25-ке жуық адам өзен ортасында автобустардың үстінде отырды», - дейді ол.
Жұбаналин ТЖ қызметкерлері мен әкімдік оларға көмектеспегенін айтты. Өйткені Жарқамыс аудан орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан.
«Жұмыс беруші арнайы техникамен келіп, адамдарға судан шығуға көмектесті», - деді әкім.
Төтенше жағдайлар департаменті мұнай компанияларына су тасқыны туралы ескерткенін мәлімдеді.
«Вахташыларға ешқайда шықпаңдар деді, олар тыңдамады! Олар көктем келгенін біліп тұрып, тік жолмен жүруді ұйғарды. Нақты нұсқаулық болды, барлық ұйымға осындай кезеңнен бастап жүруге болмайтынын жазбаша түрде ескерттік», - деді Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма басшысы Құмар Тұрмағамбетов.
Тағы оқи отырыңыз: Жалған екпе паспортын жасағандар жазаға тартылады (ВИДЕО)