Қостанай облысындағы Қабырға ауылына баратын жолды су шайды (ВИДЕО)

Тасқын салдарынан Қостанай облысындағы Қабырға ауылына қатынас үзілді деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтағы елді мекенде 300-ге жуық тұрғын бар.

Еріген қар суы күре жолды бірнеше жерден бұзған. Кей жерде жайылып, тас жолдың үстіне шығып кеткен. Ауыл әкімінің айтуынша, тіпті ауыр техниканың өзі өте алмайды. Тасқын су алғаш рет жолды 2017 жылы бұзған. Бірақ одан кейін суағар құбырлар орнына қойылмаған, жол жөнделмеген. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай көктем сайын қайталанады. Қатынастың қашан қалпына келері белгісіз.

Тағы оқи отырыңыз: Тасқынмен күрес: депутаттар жағдайды бақылауда ұстап отыр

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button