«Неге айтпасқа?»: Рымбаева Иманбекпен дуэт жазуға қалай келіскенін айтты

«Неге айтпасқа?»: Рымбаева Иманбекпен дуэт жазуға қалай келіскенін айтты

«Неге айтпасқа?»: Рымбаева Иманбекпен дуэт жазуға қалай келіскенін айтты
ашық дереккөзі
Иманбек Зейкеновті сынға алған Роза Рымбаева жуырда онымен «Наурыз» әніне ремикс жазды. Бірлесіп жұмыс атқарғаннан кейін Халық әртісінің диджейге деген көзқарасы өзгерген. Бұл туралы Рымбаева НТК арнасының OZMZ ҒОЙ атты бағдарламасында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Шынымды айтсам, осы баламен дуэт айтамын деген ойымда болған жоқ. Ұсыныс келді, оны маған Әли айтты. Және де басқаша, дискотека, клубқа арналған стильде жасасақ, қалай қарайсыз деп ұсыныс білдірді. «Оны жасайтын өздеріңсіңдер. Жоғары деңгейде жасасаңдар, неге айтпасқа?» деп келістім. Осындай ән болып шықты», – дейді әнші.
Сондай-ақ Халық әртісі Зейкеновке деген көзқарасының өзгергенін білдірді.
«Иманбек – жеке-дара, өзінің музыкасымен келе жатқан бала. Иманбек егер де қазақ әнін жасап шығарса, ерекшеленер еді», – деді ол.