«Namys» партиясын тіркеу бойынша жұмыс басталды: Санжар Боқаев мәлімдеме жасады

«Namys» партиясын тіркеу бойынша жұмыс басталды: Санжар Боқаев мәлімдеме жасады

«Namys» партиясын тіркеу бойынша жұмыс басталды: Санжар Боқаев мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Санжар Боқаев «Namys» партиясын тіркету бойынша алғашқы қадам жасалғанын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы белгілі саясаттанушы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол партияны тіркеу оңайға түспейтінін, мұның ұзақ уақытты, талпынысты талап ететінін айтты.
«Партияны тіркеу бойынша жұмысымыз басталды. Бірінші кезеңде қажетті құжаттардың барлығын Әділет министрлігіне бүгін тапсырдым», – деді ол бейнежазбада.⠀
Сонымен бірге, ол партия құрудағы басты мақсаттардың бірі жемқорлықпен күрес екенін айтты.
«Билік бізді естуі үшін партия ашып жатырмыз. Біз Парламент қабырғаларында қарапайым азаматтардың мүдделері үшін нағыз шайқас болуы керек деп санаймыз. Тек осы жағдайда ғана біздің елімізде (утиль алымы секілді) халыққа қарсы бағытталған заңдар қабылданбайды. Билікке сіңіп кеткен олигархтар өте мықты. Біз әлі күнге дейін утиль алымы және алғашқы тіркеу бойынша әділдікке жете алмай келеміз. Биліктің «естуге» тырысып, алайда ешнәрсе істей алмауының басты себебі – барлық жүйенің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуында» деп жазды Боқаев.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Санжар Бокаев (@sanzhar_bokayev)