Елордада 47 жастағы азамат лифтте кіші дәрет сындырған (ВИДЕО)

Елордада 47 жастағы азамат лифтте кіші дәрет сындырған (ВИДЕО)

Елордада 47 жастағы азамат лифтте кіші дәрет сындырған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтте дәрет сындырған ер адам ұсталды. Ол сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. Полицейлер күдіктіні әлеуметтік желіде тарап кеткен видео арқылы анықтап, ұстады. Полиция мәліметінше, ол Солтүстік Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның үстінен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарады.
«Полиция өз қызметінде негізгі қағидаттарды: әділеттілік пен заңды бұзғандар үшін жазаның бұлтартпастығын басшылыққа алады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ортақ үй мүлкіне зиян келтіргені үшін кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады. Тәртіп сақшылары мұндай фактілерге жедел түрде ден қойып, заңды процессуалдық шешімдер қабылдайды», – деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана | Казахстан |Жалобы 🗣️ (@zhaloby.astana)