Қазақстан Ресейге көшіп кеткен азаматтарға зейнетақы төлемек

Қазақстан Ресейге көшіп кеткен азаматтарға зейнетақы төлемек

Қазақстан Ресейге көшіп кеткен азаматтарға зейнетақы төлемек
ашық дереккөзі

Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге де елдер 1992 жылдан кейін ҚР-да және ЕАЭО елдерінде жұмыс істеп, содан кейін сол елдерден Ресей Федерациясына тұрғылықты тұруға көшіп кеткен азаматтарға зейнетақы төлемдерінің шығындарын төлеуі тиіс деп хабарлайды ҚазТАГ. «Егер азамат тұрақты тұруы үшін Ресей Федерациясына көшіп келсе, неліктен Ресей 1992 жыл мен 1997 жыл аралығында Қазақстанда жинақталған еңбек өтілін төлеуі тиіс», — деді РФ еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Светлана Комарова Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі консультациялық комитет отырысында. Оның айтуынша, қазіргі кезде қолданыстағы келісім бойынша РФ-ға көшіп келген Қазақстан азаматтарына 1992 жылдан кейінгі еңбек өтілі жөніндегі еңбекақыны Ресей Федерациясы төлейді. Бұл жаңа ережені ЕАЭО-ның басқа елдеріне қатысты бірдей қолдану керек деп санайды Светлана Комарова. Бұған қоса, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова Қазақстан бұрынғы КСРО республикаларының азаматтарына зейнетақы жүйесінің реформасы жүргізілгенге дейін, яғни 1997 жылға дейінгі уақыт аралығына зейнетақы төлейтіндігін жеткізіп, 2016 жылға дейін алынған еңбек өтілі жөніндегі жаңа жүйені енгізуді ұсынған болатын.