Бучада халықты қырған әскердің мекен-жайлары анықталды (ВИДЕО)

Бучада халықты қырған әскердің мекен-жайлары анықталды (ВИДЕО)

Бучада халықты қырған әскердің мекен-жайлары анықталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Киев облысындағы Буча қаласында бейбіт тұрғындарды қырып кеткен Ресей армиясының әскери бөлімшесі екені белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz «Третья сила» Telegram-арнасына сілтеме жасап. InformNapalm сайтында әскери бөлімше туралы барлық архив мәліметтері мен түсіндірмелер жарияланды. Онда сол күндері Бучада Ресей Қорғаныс министрлігі Қиыр Шығыс әскери округіне қарасты 35-ші жалпы әскери армиясының 64-ші жеке мотоатқыштар бригадасы тұрған деген дерек келтірілген.
«Бригада командирі – подполковник Омурбеков Азатбек Асанбекович. Мекен-жайы: Хабаров өлкесі, Хабаров ауданы, Мотострелковый проезді, №3 үй. Телефон: (4212) 397103. Бригаданың дислокациялық орны: Хабаров өлкесі, Хабаров ауданы, Князе-Волконское селосында (позывное – Млечник) орналасқан 51460 әскери бөлім», - деген ақпарат таратқан.
Бучадағы қырғын туралы украиналық журналист Роман Цимбалюк те өзінің Youtube арнасында мәлімет берді. Ол жалпы саны 400-ден астам адамның азапталып өлтірілгенін ескертті.
«Соның ішінде қалада 16-дан 60-қа дейінгі ер кісілерден ешкім тірі қалмаған», - деді ол.
Сонымен бірге ол бригаданың жеке құрамы ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне дейін белгілі болып отырғанын айтты. Бучадағы оқиғаға қатысты тағы бір мәліметтің ұшы шықты. News.obozrevatel.com сайты бригада командирінің қырғыз, ал жеке құрам жауынгерлерінің басым бөлігі орыстар мен буряттар екенін атап көрсетті.