Қытайдағы қандасымыз Ақнар Адаққызына ауылдастары ат мінгізіп, атан жетелетті (ВИДЕО)

Қытайдағы қандасымыз Ақнар Адаққызына ауылдастары ат мінгізіп, атан жетелетті (ВИДЕО)

Қытайдағы қандасымыз Ақнар Адаққызына ауылдастары ат мінгізіп, атан жетелетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамында өнер көрсеткен қандасымыз Ақнар Адаққызына ауылдастары ат мінгізіп, атан жетелетті деп хабарлады turykystan.kz. Қытайдың Шыңжаң өлкесі Құтыби ауданы Тасбаспалдақ ауылының халқы спортта топ жарған қызына қазақ салты бойынша ерекше ықыласы мен құрметін көрсетті. Талай мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алған, таяуда ғана Бейжің қысқы Олимпиадасына қатысып өнер көрсеткен, ел мерейін асырып жүрген Ақнар Адаққызына ауылдастары 27 наурыз күні ауылда дүбірлі той жасап, қос бірдей тұлпар мінгізді және атан түйе жетелетті. Еске сала кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамында сынға түскен Ақнар Адаққызы 5 ақпанда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы 3000 метрге конькимен жүгіру жарысында 4:12.28 уақытымен 17-орынға, 7 ақпанда 1500 метрге конькимен жүгіру жарысында 1:58.59 уақытымен 17-орынға ие болды. Сондай-ақ 15 ақпанда спринтерлік көпсайыста Ақнардың командасы Норвегия командасын жеңіп, 5-орынды қанжығалады. Тағы оқи отырыңыз: Олимпиадаға Қытай атынан қатысқан қазақ қыз ана тілінде үндеу жасады