Қарағандыдан Екатеринбургке автобустар жүретін болды

Қарағандыдан Екатеринбургке автобустар жүретін болды

Қарағандыдан Екатеринбургке автобустар жүретін болды
ашық дереккөзі
Қарағанды автовокзалы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1 мамырдан бастап Қарағанды – Екатеринбург (Петропавл, Челябинск және Қорған арқылы) бағыты бойынша рейс іске қосылады деп хабарлады turykystan.kz. Автобус әр бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Жүру уақыты – 06:10. Жол жүру құны – 18 мың теңге. Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларынан, сондай-ақ автовокзалдардың терминалдарынан сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады. Билеттерді интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және «Касса-24» арқылы банктік картаның көмегімен жөнелтуге дейін 30 күн бұрын тәулік бойы онлайн брондауға және сатып алуға болады.