«Салат аз емес, тәрелкесі үлкен»: шенеунік оқушылардың ас мәзірін айтып ақталды

«Салат аз емес, тәрелкесі үлкен»: шенеунік оқушылардың ас мәзірін айтып ақталды

«Салат аз емес, тәрелкесі үлкен»: шенеунік оқушылардың ас мәзірін айтып ақталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысының Ақсу қаласындағы басшылық бастауыш мектеп оқушыларына арналған, шу тудырған қызылша салатының жай ғана тәрелкесі үлкен екендігін алға тартты деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап. Желіні шулатқан бұл сурет көпті таңқалдырды. Алайда басшылық қызылшадан жасалған салаттың аз еместігін, тек ыдыс үлкен екенін айтып ақталды. Тек асхана жұмысшысы салатты екінші тамақ салынатын тәрелкеге салып жіберген көрінеді.
«Мектепте 1-4-cынып оқушылары тегін тамақтанатындай бекітілген мәзір бар. Мен өзім салмағын өлшедім, ауытқу жоқ», – дейді білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.