Алматыда бір топ адам екі жігітті аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Алматыда бір топ адам екі жігітті аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Алматыда бір топ адам екі жігітті аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қаласының техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде бір топ адам екі жұмысшыны соққыға жықты деп жазды turkystan.kz. Әлеуметтік желілерде бір топ адамның екі жігітті аяусыз ұрып жатқаны көрсетілген бейнежазба тарады. ТЖО қызметіне көңілі толмаған клиент өз жолдастарымен бірге станцияға келіп, оның екі жұмысшысын ұрып-соққан.
«Күдіктілер анықталды. Көп ұзамай, олар қолға түседі. Қылмыскерлерді құрықтап, жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел-арнайы іс-шаралар кешені жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасының өкілдері.