Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева жайлы фильм түсіреді

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева жайлы фильм түсіреді

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева жайлы фильм түсіреді
ашық дереккөзі
Қазіргі уақытта кинокартинаның сценарийі дайын. Режиссері де белгілі. Бұл туралы Әли Оқапов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.
«Сценарийді бірге жазып жатырмыз. Кәсіби сценарист те бар. Ол – Ефрат Шарипов. Ол кісінің еңбегін «Дос-Мұқасан» фильмінен көре аласыздар. Жақында шығады. Ал режиссері - Айдын Сахаман», – деді Әли Оқапов.
Оның айтуынша, фильм мюзикл емес, драма жанрында болмақ.
«Яғни, базардағы сатушылар аяқ астынан билеп кетпейді. Барлығы өз орнында болады. Біз үшін бірінші орында Роза Қуанышқызының өмірі.  Әрине, музыкасыз елестету мүмкін емес. Бірақ өмірі бірінші орында болады», – дейді Әли.
Оның айтуынша, бұл фильмді қазір түсіру маңызды.
«Себебі бүкіл өмірінің нақтысын айта алатын адам жанымызда. Екіншіден, дауыс керек. Өйткені Роза Рымбаеваның даусын Роза Рымбаевадан артық ешкім сала алмайды деп ойлаймын. Әйелдер жайлы кино аз ғой. Неге түсірмеске? Өкінішке қарай, «Томиристен» басқа басты кейіпкер әйел болатын кино жоқтың қасы», – дейді әншінің баласы.
Тағы оқи отырыңыз: Сүндет тойда болған жағдай елді шошытты (ВИДЕО)