Биыл зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

5 сәуір, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Биыл зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 пайызға индексацияланатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Үкімет кулуарында журналистер министрден нақты қандай жәрдемақы түрлері индексацияланатынын сұрады.
«Негізінен бұл - зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 пайызға индексацияланады», –  деп жауап берді Қуантыров.
Сондай-ақ ол индексация қашан жасалатынын да нақтылады.
«Бюжет нақтыланып, Мәжіліс пен Сенаттың қарауынан өтеді. Кейін Президент «Республикалық бюджет туралы» заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады», – деді ол.
Министрдің айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы шамамен маусым-шілде айларында өседі. Бұған дейін Үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10%-ға дейін көтерілді. Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінеді.