Биыл зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Биыл зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Биыл зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
ашық дереккөзі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 пайызға индексацияланатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Үкімет кулуарында журналистер министрден нақты қандай жәрдемақы түрлері индексацияланатынын сұрады.
«Негізінен бұл - зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 пайызға индексацияланады», –  деп жауап берді Қуантыров.
Сондай-ақ ол индексация қашан жасалатынын да нақтылады.
«Бюжет нақтыланып, Мәжіліс пен Сенаттың қарауынан өтеді. Кейін Президент «Республикалық бюджет туралы» заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады», – деді ол.
Министрдің айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы шамамен маусым-шілде айларында өседі. Бұған дейін Үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10%-ға дейін көтерілді. Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінеді.