«Қазақстан «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындамайды - Мұхтар Тілеуберді

«Қазақстан «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындамайды - Мұхтар Тілеуберді

«Қазақстан «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындамайды - Мұхтар Тілеуберді
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Украинада өздерін-өздері жариялаған «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасы» деген құрылымдарды мойындамайтынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз дәл қазір «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасын» мойындамаймыз. Еуропа одағы мен АҚШ-тың Ресейге санкцияларына да қосылаймыз. Бірақ біз үшін екі нәрсе маңызды. Біріншіден, санкция Қазақстан экономикасына кесірін тигізбеуі керек. Екіншіден, еліміз санкцияларды айналып өтетін жер болмауы керек», - деді ол.
Бұған дейін Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Украинаның тәуелсіздігі мен тұтастығын ғана мойындаймыз деп мәлімдеме жасаған соң, аураханаға түсіп қалған еді. Қазір оның жұмысына қайтып келмеуі мүмкін деген ақпарат шығып жатыр.