«Үнемі қанаттандырып жүруші еді»: Әнші марқұм Жақсылық Үшкемпіровке жазба арнады

«Үнемі қанаттандырып жүруші еді»: Әнші марқұм Жақсылық Үшкемпіровке жазба арнады

«Үнемі қанаттандырып жүруші еді»: Әнші марқұм Жақсылық Үшкемпіровке жазба арнады
ашық дереккөзі
«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде марқұм Жақсылық Үшкемпіровпен түскен суретін жариялап, оған жазба арнады деп хабарлады tuykystan.kz. Ол Олимпиада чемпионына деген сағынышын жеткізген. Әйгілі спортшыны өзінің ағасындай көргенін айтты. Әншінің сөзінше, Үшкемпіров өзін үнемі қанаттандырып келген.
«Суреттерді қарап отырып, Жақсылық ағамен түскен сурет көзіме оттай басылды. «Қазір нешедесің?.. Қайда, әлі жассың ғой! Бәріне үлгересің. Еңбек еткенге дәулет басын иеді» деп үнемі қанаттандырып жүруші еді. Жаныңыз жұмақта шалқысын, аға! Мыңбай ауылына арнайы іздеп барған сәт» деп жазды Әбдірайымов.