«Хабар» арнасының директоры тағайындалды

«Хабар» арнасының директоры тағайындалды

«Хабар» арнасының директоры тағайындалды
ашық дереккөзі

Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдан бері «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болып келді.

Жайна Сламбекқызы - Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж.). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж.), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж.).

Тағы оқи отырыңыз: «Жасөспірім қыздардың 60%-ы темекі шегеді» – Ажар Ғиният (ВИДЕО)