СҚО-да ауыл мектебінің төбесі опырылып түсті

СҚО-да ауыл мектебінің төбесі опырылып түсті

СҚО-да ауыл мектебінің төбесі опырылып түсті
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданына қарасты Тоқушы ауылында мектептің акт залының төбесі жартылай опырылып құлады деп хабарлады tuykystan.kz. Оқиғаға қатысты облыстық Білім басқармасы түсініктеме берді. Ведомствоның ақпаратынша, шатыр жартылай опырылған. Акт залы Тоқушы мектеп-гимназиясының ғимаратына жапсарлас орналасқан. Зардап шеккендер жоқ.
«Оқиға орнына уәкілетті органдардың басшылары барды. Мән-жайды анықтау және шара қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала себеп – іргетастың шөгуі және шатырдан судың ағуы. Биыл әкімдік мектепті жөндеуге қосымша қаражат бөліп, бас мектептің шатырын, акт залы мен интернат ғимаратының шатырын ауыстыруды көздеп отыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетсек, бұл мектеп-гимназияда 293 оқушы білім алады. Мәселе шешілгенше олар қашықтан оқиды.