«Ресейдің алаяқтарына алданып қалмаңыздар!» - сарапшы дабыл қақты (ВИДЕО)

«Ресейдің алаяқтарына алданып қалмаңыздар!» - сарапшы дабыл қақты (ВИДЕО)

«Ресейдің алаяқтарына алданып қалмаңыздар!» - сарапшы дабыл қақты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ауылшаруашылық сарапшысы Алмасбек Садырбаев желіде өзіне Ресей азаматтарына алданып қалған халықтың көптеп хабарласып жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір маған қазақ шаруалары OLX-те Ресейдің жарнамаларының көбейіп кеткенін айтып жатыр. Бірақ оның ішінде алаяқтар көп. Өткен жолы Ресейден бір азаматтарға техниканы өте тегін, миллион теңгеге сатамыз деп хабарласқан екен. Ол су тегін техниканы басқа адам алайын деп тұрғанын айтып, алдап, ақшасын қағып алып, ақыр аяғында жоқ болып кеткен. Осындай жарнамаларға сенбеңіздер. Алдын ала ақшасын сұраса, алаяқтық деп біліңіздер», - деді ол.
Сонымен бірге ол Ресейден жақсы ұсыныс болса, онда сол елге барып, техниканы немесе малды өз көзімен көріп, құжатты рәсімдеп, сатып алыңыздар деген кеңесін айтты.