«Қазақстанда Жириновскийдің тәттілері таратылыпты» - журналист

«Қазақстанда Жириновскийдің тәттілері таратылыпты» - журналист

«Қазақстанда Жириновскийдің тәттілері таратылыпты» - журналист
ашық дереккөзі
Журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында «Бұлар жынды ма?» деген тақырыппен Тараз қаласындағы №13 мектепке Жироновскийдің Ресей Либерал демократиялық партиясының атынан келген тәттілер мен кеңсе таураларының таратылғанын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Оның жазбасының астына желі қолданушылар пікір қалдырып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас Прокуратурадан жауап күтетіндерін айтқан.
«Азғыру, арандату сұмдық қой! Орыс мектебі болар?! Қазақ балаларын жағымсыз жағдайға мәжбүрлеп жүргендер кімдер?! Ұлт болашағына балта шапқысы келетіндер анықталуы тиіс!», «Ештеңеден хабары жоқ адамның ісі немесе әдейі істеген. Жан-жақта не болып жатқанына мән бермейтіндер көп. Айтқанды істеп, мән-жайына үңілмей жүре береді», «ҰҚК бар ма өзі бізде?», «Тараз қаласының әкімі шошқа тағалап жүр ме?» дегендей пікірлермен реніштерін білдіріп жатыр көпшілік.
 width=  width=