Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен қару табылды

Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен қару табылды

Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен қару табылды
ашық дереккөзі
Шымкентте жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен қару тәркіленді деп хабарлады turkystan.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы 4 сәуірде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Шымкенттегі Қабанбай батыр даңғылы бойында Түркістан облысы тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірлі BMW маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тоқтату себебі, жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған. Тәртіп сақшылары азаматқа жасаған құқықбұзушылығы жайында ескертіп, жеке куәлігін талап еткен. Нәтижесінде, жүргізуші автокөлік салонынан құжаттарды алу кезінде қаруға ұқсас зат көзге шалынған. Шұғыл түрде тәркілеу жұмыстары жүргізілген. Ал аталған жайтқа қатысты жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы («Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азамат тиісті аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тағы оқи отырыңыз: «Бүлікшілер айғақтарды жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген» – Бас прокуратура