«Бүлікшілер айғақтарды жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген» - Бас прокуратура

«Бүлікшілер айғақтарды жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген» - Бас прокуратура

«Бүлікшілер айғақтарды жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген» - Бас прокуратура
ашық дереккөзі

1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық бақылау комиссиясында өткен брифингте қаңтар қақтығысы жайында айтты. Қилымжанов тәртіпсіздік кезінде қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көз жұмғаны жайында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Елдос Қилымжанов бүгінде Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 19 офицердің өлімінің мән-жайы анықталғанын айтты.  Cпикердің айтуынша, олардың барлығы қоғамдық тәртіпті қорғау жолында ерлікпен қаза тапты.

«Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын күзетуге қатысқан қарусыз әскери қызметші, подполковник Х.-ны өлтіру кезінде ерекше қатыгездік көрсетілді. Оның денесі ғимараттың төбесінен табылды. Тергеу көрсеткендей, зорлық-зомбылықпен өлтірілгеннен кейін қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін оның денесін өртеп жіберген. 39 жастағы сарбаздың артында отбасы мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды», - деді 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Сондай-ақ Қилымжановтың айтуынша, қылмыскерлер Алмалы аудандық полиция бөлімі мен Көктөбе телемұнарасын басып алмақ болған кезде оқ жарақатынан үш қызметкер қаза тапқан. Ал Талдықорғанда 10 адамнан құралған қылмыстық топ алаңда қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде өз міндетін атқарып жүрген Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің қарусыз әскери қызметкері Амановқа шабуыл жасады.
«Ауыр соққының салдарынан 18 жастағы А., көптеген дене жарақаттарын алған. Жас жігіт есін жимай, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қаза болған адамдардың барлығы бойынша жан-жақты тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бұлтартпас дәлелдер анықталған кезде жарияланады», - деді Елдос Қилымжанов.