"Вашингтон пост": Гүлнәр Кәрімованың ақшасы өзбек халқының игілігіне жұмсалуы тиіс

"Вашингтон пост": Гүлнәр Кәрімованың ақшасы өзбек халқының игілігіне жұмсалуы тиіс

"Вашингтон пост": Гүлнәр Кәрімованың ақшасы өзбек халқының игілігіне жұмсалуы тиіс
ашық дереккөзі
АҚШ әділет министрлігінің Еуропада құлыптап тастаған 850 миллион доллар Өзбекстанда адам құқықтарын сақтауға қатысты бірқатар шарттарды жергілікті билік орындағанда ғана республикаға қайтарылады. Бұл туралы АҚШ-та "Шуақты Өзбекстан" коалициясының негізін қалаушы Санжар Омаровтың The Washington Post газетінде жарияланған мақаласында жазылған.
Гүлнәр Кәрімованың ақшасы делінетін қаражат сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалды зерттеу кезінде құлыпталған. Іс ірі телекоммуникациялық компаниялардың Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызына пара ретінде беруіне байланысты қозғалды. Санжар Омаровтың пікірінше, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бұл қаражатты жемқорлық құрбандарына қайтарып беруі мүмкін. Ақшаны қазақстандық "Бота" секілді қайырымдылық қорына бөлуге болады, деп есептейді Омаров. Автордың пікірінше, қаражатты ресми Ташкенттке қайтару - оны заңсыз жолмен иемденген қожайындарының қолдарына қайта ұстатумен бірдей. Бұған қоса, 29 қарашада өзбекстандық саяси эмигранттар Change.Org сайтында петиция ұйымдастырып, АҚШ пен Еуропаның бірқатар елдерінің билігінен бұл қаражатты Өзбекстан үкіметіне қайтармауын сұрады. Петиция авторларының пікірінше, 850 миллион доллар мемлекеттік жемқорлықтың басты құрбаны - Өзбекстан халқына өтемақы ретінде бөлінуі керек.