«Бостандықты бағалауды тілер едім»: Атамбаев денсаулығы мен түрмедегі жағдайы туралы айтты (ВИДЕО)

«Бостандықты бағалауды тілер едім»: Атамбаев денсаулығы мен түрмедегі жағдайы туралы айтты (ВИДЕО)

«Бостандықты бағалауды тілер едім»: Атамбаев денсаулығы мен түрмедегі жағдайы туралы айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев денсаулығының нашарлауына қарамастан тағы да сотқа жеткізілді деп жазды turkystan.kz @ztb_qaz әлеуметтік желісіне сілтеме жасап. Бішкекте 2020 жылдың қазан айындағы тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық іс жалғасуда. Айыпталушы экс-президент Атамбаев журналистерге сот отырысына қатысуға мәжбүр болғаннан кейін денсаулығының нашарлағанын айтты.
«23 наурыздан кейінгі жағдай онша жақсы емес, өздеріңіз түсінерсіздер деп ойлаймын. Мен сіздерге тіземді көрсетер едім, бірақ ыңғайсыз болар. Олар түрмеде менің денсаулығымды тексергісі келген. Бұлары мазақ қой. Бұл жай ғана уақыт оздыру үшін жасалатын нәрсе болуы керек. Олар менің өліп кеткенімді қалайды. Алайда, менің міндетім – өлу емес, тірі қалу. Бұл күндер де өтер», – деді Атамбаев.
Ол жазасын өтеп жатқан ИК-47 мекемесіндегі ұстау жағдайы туралы айтты.
«Садыр Жапаров кезіндегі қамаудағы жағдай Сок (Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстанның бұрынғы президенті) кезіндегіге қарағанда жақсарған сияқты. Бірақ, білесіз бе, түрме, ол - түрме. Сізге қандай жағдай жасалса да, бұл - түрме. Мен сіздерге бостандықты бағалауларыңызды тілер едім», – деді ол.