«Ресей әскері әйелдерді отбасының көзінше зорлап жатыр» - Ұлыбританияның Украинадағы елшісі

«Ресей әскері әйелдерді отбасының көзінше зорлап жатыр» - Ұлыбританияның Украинадағы елшісі

«Ресей әскері әйелдерді отбасының көзінше зорлап жатыр» - Ұлыбританияның Украинадағы елшісі
ашық дереккөзі
Ұлыбританияның Украинадағы елшісі Мелинда Симмонс Ресей әскері басып алған аймақта украин әйелдерінің зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Әзірге Украинадағы мұндай зорлық-зомбылықтың ауқымы қандай екенін нақты білмейміз, бірақ, әйел зорлауды Ресей әскері құралға айналдырғаны анық. Әйелді балаларының көзінше, қызды отбасының алдында зорлап, қорлау – асқан жауыздықтың белгісі. Олар сөйтіп халықты құлға айналдырғысы келеді», - деді дипломат.
Сондай-ақ халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Харьков облысында 13 наурыз күні отбасымен тығылып отырған әйелдің зорланғаны туралы мәлімдеме жасады. Әйелдің сөзіне қарағанда, оны зорлаған сарбаз ұрып-соғып, беті мен мойнын пышақпен тілген. Құқық қорғау ұйымы бейбіт адамдарға жасалған зорлық-зомбылықтың басқа екі фактісін хабарлады. Әйелдің зорланғанын Amnesty International Украина директоры Оксана Покальчук те растады.