Алматыда белгілі дәрігер оққа ұшты

Алматыда белгілі дәрігер оққа ұшты

Алматыда белгілі дәрігер оққа ұшты
ашық дереккөзі
Алматы қаласында белгілі дәрігер Юрий Шумковқа оқ тиіп, ол оқиға орнында қаза тапты деп жазды turkystan.kz.   Қайғылы оқиға туралы ақпаратты қалалық полиция бөлімі растады. Дәрігерге аңшы мылтығынан оқ тигені хабарланды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Шумковтың әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басына оқ атқан. Бұған дейін қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болғаны хабарланған болатын. Ақпарат полиция бөліміне таңғы сағат 8:59-да түскен.
«Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс ізі суымай ашылды. Күдікті «Ұстау» арнайы жоспары барысында Алматы қаласының Алатау ауданы аумағында ұсталды», – деп мәлімдеді полиция қызметкері.